Қос бірдей ведомствода кадрлық
ауыс-түйіс орын алды. Энергетика
вице-министрі болып 49 жастағы Ғани Сәдібеков тағайындалды. Мамандығы -
экономист, заңгерлік білімі де бар.
Еңбек
жолын 1992 жылы бастаған. Алматы және Алматы облысы бойынша қоршаған ортаны
қорғау қызметтерінде жетекшілік еткен. Павлодар және Жамбыл облыстарында
әкімнің орынбасары болды. Вице-министр экология мәселелеріне жауап бермек.
Инвестициялар және даму министрінің де жаңа орынбасары бар. Бұған
дейін инвестиция комитетінің төрағасы болып қызмет еткен 38 жастағы Ерлан
Хайыров вице-министр болып тағайындалды. Оның мемлекеттік органдарда ішкі
экономикалық қызмет бойынша тәжірибесі мол.
Құралай ПИОНЕР