Русский Сайттың толық нұсқасы

Германияның Франкфурт әуежайында жүздеген авиарейс тоқтап қалды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 955

Lufthansa әуе компаниясына қарасты 600 рейс кейінге қалдырылды. Олардың ішінде Германия мен Еуропаға бағыт алған ұшақтар бар. Қазір Германияның бірнеше қаласында әуежайлар бос тұр.

Мыңдаған қызметкерлер жұмысына шықпаған. Жаппай ереуіл Мюнхен, Кельн, Гамбург, Штутгарт, Дюссельдорф қалаларында жалғасуда. Аталмыш ереуілді Verdi кәсіподағы басқарады. Олар қызметкерлердің жағдайын жасап, жалақысын көтерсін деген талап қойып отыр. Бұл үшін 24 сағат бойы шеруге шығуға дайын. Салдарынан жолаушылар зардап шегуде. Ал, әкімшілік әзірге ешқандай көмек көрсете алар емес.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА