Русский Сайттың толық нұсқасы

Юлия Галышеваға баға берген төрешілердің жұмысын қазақстандық жаттықтырушылар сынға алды

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 1044

Шығыс қазақстандықтар Сочи Олимпиадасында біздің спортшылар бой алдырған қателіктерді елеп-ескерген сараптама жұмыстарын бастап кетті.

Спорт мамандарының басты назарға алып отырған мәселесі - төрешілердің қазылығы. Көрермен білетіндей, могул спортында Юлия Галышеваға баға берген төрешілердің әділдігі көпшіліктің күмәнін тудырған болатын.

Әбіл Дөңбаев, ШҚО Спорт және туризм басқармасының басшысы:

Біздің Юлия Галышеваға қазылар әділ баға бермеді. Ол көрініп-ақ тұрды. Оны жоқ дегенде финалға өткізулері керек болатын. Себебі, Юлия көрсеткен элементтерді ешбір спортшы жасаған жоқ.

Келесі-ақ Олимпиядаға дейін қателіктерді анықтап, күресу жолдарын нақтылауға болады. Дегенмен, фристайлшылар тамаша өнер көрсеткені біздің мүмкіндігімізді көрсетті. Төрелік еткен халықаралық комитеттен әділ баға алу үшін бізге халықаралық деңгейде өз абыройымызды көтеру керек, -дейді басқарма басшысы.

Қанат ОРАЛБЕК