Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай валютасы батыс алаңына шықты

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 1334

Ағылшын банкі мен Қытай Халық банкі Лондонда юаньмен есептесу туралы келісімге келді. Тиісті меморандумға тараптар 31-ші наурызда қол қояды. Бұл, Қытай валютасының батысқа алғаш шығуы. Жедел дамып жатқан елмен байланыс орнату, Англия үшін де аса маңызды.

Бүгінде юаньмен айырбас айналымы үш есеге артып, күніне 120 миллиард долларға жеткен. Әрине, АҚШ валютасымен салыстырғанда, бұл айтарлықтай көп емес. Қытай мемлекеттік кеңесі біраз жыл бұрын ұлттық валюта әлемде долларға бірден бір бәсекелес болады деп мәлімдеген. Бұған көбі сенімсіздікпен қараған. HSBС сарапшылары екі-үш жылда юань Англияда толықтай айналымға енеді деп болжап отыр.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА