Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда құпия отырыстың бейнежазба жария болғаннан кейін үкімет YouTube-тің жұмысын тоқтатты

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 1282

Түркия YouTube қызметінен бас тартты. Дау түркиялық жоғары әскери лауазым иелері кездесуінің бейнетүсірілімі аталмыш желіге салынғаннан соң шықты. Олар Сүлеймен Шахтың мазарына лаңкестік шабуыл жасалған жағдайдағы қарулы әскери іс-шараларды талқылаған көрінеді. Мәдени ескерткіш Түркияға тиесілі болғанымен, соғыс отына оранған Сирияда орналасқан.

Түркияның СІМ Ахмет Давутоглу мемлекеттік отырыстарды жасырын тыңдау біздерге қарсы соғыс ашумен тең деп бағалады. Өткен аптада түркия билігі бірқатар әлеуметтік желілерді шектеді.

Премьер-министр Эрдоған Facebook, Twitter және YouTube желілерінде жалған ақпарат таратылады деп мәлімдеді. Оған премьер баласына үйінен 40 млрд доллар қаражат алып шығуын бұйырып жатқан басқа бейне себеп болып отыр.

Ахмет Давутоглу
, Түркия сыртқы істер министрі:

Мемлекеттің жабық отырыстарын жасырын тыңдау Түркия еліне соғыс ашумен тең. Олардың басты мақсаты - Түркияның осалдығын көрсету. Бұл - ашық ақпараттық шабуыл. Бұны жасағандар міндетті түрде қатаң жазаға тартылады.