Русский Сайттың толық нұсқасы

Бразилиядағы қаланың тұтас бір ауданы футбол чемпионаты алдында қылмыскерлердің көзін жою үшін оқшауланды

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 1393

Бразилия полицейлері елдің кедей аудандарына қару-жарақпен кіріп, темірдей тәртіп орнатпақшы. Өйткені 150 мың адам тұратын мұндай аудандарда қылмыс өршіп кеткен. Тұрмыс жағдайы төмен халық футболдан әлем чемпионаты елдерінде өтетініне наразы.

Бразилияның әрбір төртінші азаматы осы шараға бөлінген 20 миллиард долларды маңызды салаларға жұмсауға болады деп есептейді. Сондықтан, қарсылық акциялары белең алып отыр. Онсыз да қылмысы өршіп тұрған кедей аудандары үшін чемпионат сыныққа сылтау болғандай. Бұл жерде жақында төрт бірдей полиция офицерін атып тастады.

Есірткі тасымалдаушылары мен тәртіп сақшылары арасындағы атыс-шабыс бір толастамайды. Қауіпті аудан саналатын бұл жерде әрбір екінші азамат заңға қайшы әрекет етеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ