Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 1096

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыға іс сапары жалғасуда. Бүгін Президент зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Елбасының қабылдауында болған жазушы Дулат Исабеков қазіргі замандағы әдеби үдерістердің жайын қозғады. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың мәдени және рухани азық алуына тікелей ықпал ететін шығармашылық иелерінің ой пікірі қашанда маңызды екенін атап өтті.

Ал әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижановты қабылдаған Елбасы кездесу барысында гуманитарлық ғылымның жай-күйін сөз етті. Нұрсұлтан Назарбаев қуатты мемлекет құру үшін патриотизмді қалыптастырудың маңызды екендігін айтты.

Ал сазгер Шәміл Әбілтаев шығармашылық жоспарлары жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Теміртауда жұмыс істеп жүрген кезінде сөзін жазған «Шұбар ат» әнін орындады.


Бұл өмір қарап тұрсаң, тұрағы жоқ. Жел соқса, бірақ күнде ұшып кетер. Ұшып кетер, ұшып кетер.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ