Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодардың азаматы жергілікті автовокзалды «жарып жібермек» болды

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2014
  • 1267

Павлодарда телефон террористі іздестіріліп жатыр. Белгісіз ер адам 29 наурызда жергілікті автовокзалға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлап, жұртты аяғынын тік тұрғызған еді. Ақпарат жалған болып шықты. Енді бұл мәліметті таратқан адам жауапкершілікке тартылады. БІрақ бұзақы әлі күнге дейін табылған жоқ.

Айта өтейік, бұл ақпараттан соң 350 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Автобус қозғалысы бірнеше сағатқа бөгеліп қалды. Ғимарат пен іргелес аумақ қоршауға алынды. Дабыл бойынша барлық шұғыл әрекет ету қызметтері аяғынан тік тұрған-ды.

Илхам ИБРАГИМ