Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жас өнертапқыштар байқауы мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2014
  • 2962

Алматыда өнертапқыштыққа жастайынан баулитын ерекше байқау мәресіне жетті.

«Инфоматрикс немесе құлтемірлер жарысы» деген атаумен елімізде екінші рет ұйымдастырылған жарысқа әлемнің 25 елінен 300-ден астам қатысушы жиналған. Биыл арысы - АҚШ, Германия, Сомали, Сенегал, берісі - Ресей, Түркия, Әзірбайжан және Украинадан оқушылар арнайы келді.

Үміткерлер ақпараттық технология, бағдарлама жасау, роботты техника және қысқа метражда бейнетүсірілімдер саласы бойынша жобаларын әкелген. Заманауи сұранысқа сай деп танылған жұмыстарды ғалымдар мен сала мамандары таразылап, үздіктерін таңдаған болатын. Жеңімпаздарға Қазақстанның ең үздік оқу орындарына тегін оқу гранттары ұсынылды.

Дәстүрлі жобаны Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы қолдаған. Ал дарынды жасөспірімідер сайысын ұйымдастыруға Сүлеймен Демирель атындағы университет мұрындық болып келеді. Ұйымдастыршуылар «құлтемірдің құлағында ойнайтын» жастарды ынтылындыру негізгі мақсат деп санайды.

Махмуд Сулейман, байқауға қатысушы:

Менің жобам Африка елдеріндегі өмірді суреттейді. Мен бұл жұмысым арқылы кино түсірудің жаңа әдістерін қолданысқа енгіздім. Компьютерлік кескіндеменің жаңашылдығы көрінеді. Фильм қысқа метражды болса да, қазіргі заманғы технологияның көмегімен жасалды. Сондықтан, осы байқауға үлкен үмітпен алып келдім.

Нұрлыбек Сейітқұлов, педагогика ғылымдарының докторы:

Жастардың білім деңгейін қазіргі инновациалық технология, ақпараттық жетістіктерге жету мәселесін қарастыру. Сондықтан, қатысушыларға үлкен көңіл бөліп отырмыз. Компьютерлік жетістік жылдан жылға өз салаларымен дамып жатыр. Компьютерлік дизайн, ақпараттар алмасу дейді. Соның жаңа қырларын ашып, жастар алдымызға ұсынып отыр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ