Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің тағы бір сыбайласы қолға түсті

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2014
  • 1362

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің тағы бір сыбайласы қолға түсті. Облыстық қаржы полициясы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шарасы барысында ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың мүшесі Жанболат Дүйсенбаевтің тұрағы анықталып, ұсталды. Ол Ақтөбе қаласында бой тасалап жүрген.

42 жастағы Жанболат Дүйсенбаев - «АТГ-Құрылыс» ЖШС-нің бұрынғы директоры. Оған 2012 жылдың 13 қыркүйегінде Қылмыстық кодекстің "сенім берілген біреудің мүлкін иемдену немесе жұмсау" бабымен айыпталып, қамауға алу туралы үкім кескен болатын. Алайда бұған дейін бой тасалап келген ол үстіміздегі жылдың 28 наурызында ғана қолға түсті.

Айта кетейік, Атыраудың экс-әкіміне қатысты қылмыстық іс бойынша 14 адамға халықаралық іздеу жарияланған. Солардың бесеуі ұсталды. Тоғызы із жасырып жүр. 


Заңғар Заңқанов, Атырау облысы бойынша ЭҚСЖҚК департаменті бастығының орынбасары:


Оған 2012 жылғы қыркүйекте бюджет қаражатын ұрлау себебімен халықаралық іздеуге жариялаған болатын. Жақын арада тергеу амалдарын өткізу үшін Дүйсенбаев Атырау қаласына жеткізіледі.


Базаргүл ІЗІМОВА