Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда қаза тапқандардың отбасылары 1 млн теңге өтемақы алады

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2014
  • 1307

Қарағанды облысы Көкпекті ауылында тасқын кезінде ажал құшқан азаматтардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетілетін болды. Олардың әр қайсысына 1 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Бауыржан Әбдішев ауыл тұрғындарымен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, әкім марқұмдарды жерлеу кезіндегі барлық шығындарды жергілікті билік көтерінін айтты.

Айта өтейік, Көкпекті су қоймасының бөгеті 31 наурызға қараған түні шайылып кетті. Қызыл су 300-ге жуық үйді басып қалды. Бес адам қайтыс болып, алтауы ауруханаға түсті. Қазір бұл төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарлануда.

Ал үй-күйсіз қалған отбасылар жергілікті мектеп пен жатақханаларды паналауда. Су тасқыны салдарын жоюға әскери қызметшілер жаппай тартылып жатыр. Елімізде 2010 жылғы Қызылағаш трагедиясынан кейін адам өліміне әкеп соққан тасқын болмаған еді.

Илхам ИБРАГИМ