Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 12 келі героин алып өтпек болған азамат ұсталды

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2014
  • 1492

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 12 келіге жуық героин алып өтпек болған қырғыз азаматы қолға түсті. Ол арнайы операция кезінде Жамбыл облысы аумағында құрықталды. 51 жастағы қырғыз азаматы бекетке соқпай, қоршауды бұзып, шекараны жаяу кесіп өтпек болған.

Алайда «Жасыл төбе» заставасының шекарашылары дер кезінде оның жолын кесті. Қаскөйдің қол сөмкесінде қатталған есірткінің жалпы салмағы 11 келі, 720 грамм. Әр қаттаманың сыртына «777» деген белгі соғылып, араб қарпімен мәтін жазылыпты. Қазіргі уақытта ұстау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша іс қозғалды.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ