Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейлік компания радиоактивті заттарды Қазақстан арқылы тасымалдауға рұқсат алды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 883

Қазақстан арқылы радиоизотоптық өнiмдер тасымалдауға Ресей жағы арнайы лицензия алды. «РосАтомға» тиесілі серіктестік таратқан мәліметке сай мемлекеттік лицензияны оларға Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті берген.

Ол Ресей мен «Шлюмберже Лоджелко, Инк.» Халықаралық мұнай сервистік компанияларының арасында ынтымақтастық орнатуға ықпал етпек. Сондай-ақ, Қазақстан тарапынан берілген лицензия Ресейге Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстанға ядролық медицина, ғылым мен өндіріске қажет радиоизотоптық өнім тасымалдауға мүмкіндік береді. Ресейдің басты көздегені - өнімін «Қорғас» кеден бекеті арқылы Қытайға жеткізу.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА