Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі «Ордабасы» футбол клубының бұрынғы басшылары тергеуде

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2014
  • 1844

Шымкентте «Ордабасы» кәсіби футбол клубына қатысты шу шықты. Футбол  клубының төрт бірдей бұрынғы директоры 6 млн теңгеден астам ақшаны заңсыз иемденіп, талан-таражға салды деген күдік бар. Бұл жайында облыстық қаржы полициясы ақпарат таратты.

Эльвира Қадірсізова, ОҚО ЭҚСЖҚК департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Байбутаев футбол клубына Бартекеевті формальді түрде жаттықтырушы және менеджер  ретінде жұмысқа қабылдап, 2007 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың маусым айына және 2007 жылдың қараша айынан 2008 жылдың қараша айына дейін футбол клубының басшылары өздеріне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемденіп, талан-тараж ету  мақсатында 335  823 мың теңгені  иеленіп алғанына күдікті.


Байбұтаевтан бөлек Футбол клубына басшылық жасаған Баймұхамедов,  Шкарин және Әбдрайымовтар да қаржы полициясы өкілдерінің назарынан тыс қалмады. Ордабасы футбол клубының президенті болған Шкарин бір азаматты  жаттықтырушы және менеджер ретінде қағаз жүзінде жұмысқа қабылдау арқылы 582 мың теңгені заңсыз иемденді деп жауапқа тартылуда. Ал Абдрайымов қаржылық құйтырқылықтарға жол беру арқылы 3 млн 593 мың 350 теңгені ысырап етті деп айыпталып отыр.

Жалпы бес адамға қатысты «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иеленіп алу немесе ысырап ету» фактісі бойынша қылмыстық іс қоғалды. Құзырлы орын дерегіне сенсек, олардың барлығы тергеу сауалдарына жауап беріп жатыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ