Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық балықшылар ұзындығы екі метр бекіре балығын аулады

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2014
  • 1705

Олжалы күн. Атыраулық балықшылар ұзындығы екі метр бекіре балығын аулады. Салмағы 150 келі болатын қорытпаның аналығын кеше «Аманкелді» балық кооперативі балықшылары ұстапты. Балықшылар алып балықты Жайық-Атырау бекіре зауытына тапсырды.

Одан кем дегенде 20 келі уылдырық шығатынына сенімді. Қазір 1 келі уылдырықтың құны қара базарда 200 мың теңге шамасында. Бірақ қара уылдырық базар сөрелеріне түспейді. Зауыт мамандары уылдырықты түрлі өсіру кезеңдерінен өткізіп, шабаққа айналдырып, шілде айында  өзенге  жібермек.


Ғилман Сәрсемалиев,  Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры:


Біздің жылдық мемлекеттік тапсырмамыз 3 миллион жарым дана бекіре шабақтарын өндіру қарастырылған. Осы көлемге шығу үшін кем дегенде 40-50-60-таған осындай бізге аналықтар қажет болады. Алда әлі екі ай бізде уақыт бар. Жұмыс осындай бағытта өрбитін болса, межеден толық шығамыз деген ойдамыз.


Базаргүл ІЗІМОВА