Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыста енді өрт қаупі күшейді

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1170

Шығыс Қазақстанда су алу қаупі сейілгені сол еді, енді дала өрттері басталды.

Төтенше жағдай қызметкерлері тілсіз жаудың өршуіне тұрғындардың өзі кінәлі деп отыр. Көктем келіп, үй маңайын тазалай бастаған олар күл-қоқысты өртеуге кіріскен. Салдарынан от ұшқындап, саяжайлардың маңы алапат өртке айналды. Желмен ұшқындаған шоқ Өскемен маңындағы тауларды шарпып кетті. Енді дала өрті белең алып тұр. Өрт сөндірушілер мен арнайы техника тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылды. Қызыл жалын бой берер емес.

Евгений Шатурный
, ШҚО ТЖД ақпараттық бөлім басшысы:

Арнайы техника мен адамдар жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығуына көп жағдайда тұрғындар кінәлі. Күл-қоқысты өртеу барысында қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Содан барып айналаның барлығы өртеніп жатыр.

Абзал ҚҰРМАНКИН