Русский Сайттың толық нұсқасы

Германиядағы ереуілдер салдарынан Франкфурт-Қазақстан әуе рейсі тоқтап қалды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1017

«Люфтганза» әуе компаниясы қызметкерлерінің наразылық акциясына байланысты Франкфурттен Қазақстанға бет алатын рейстер тоқтап қалды.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар билеттерін басқа күнге ауыстырып немесе құнын қайтарып алуға құқылы. Ал Германияның өзінде «Люфтганза» және «Германвингс» компанияларының 4 мыңға жуық рейсі тоқтады. Алдаға уақытта Швейцария, Австрия және Бельгия бағыттарына шектеу қойылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта әуе кемелерінің пилотттары мен әуежай қызметкерлері жалақыны өсіруді талап етіп отыр. Наразылық акциялары салдарынан 425 мың жолаушы зардап шегіп отыр.

Самат ҚАНАҒАТОВ