Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда коммуналдық тарифтердің бағасы көтеріледі

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1052

Ал Қазақстанда коммуналдық тарифтер бағасы көтерілмей қалмайды. Өйткені тариф арқылы 58 млрд теңге өндіріліп, оған 940 шақырым желілерді жөндеу жоспарланған. Алайда қымбаттау деңгейі инфляция дәлізіне байланысты болмақ. Бұл жөнінде Жылу желілерін жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған жоспарын таныстырған Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы мәлімдеді.

Марат Оспановтың айтуынша, коммуналдық желілерді жаңартуға республика қоржынынан 120 млдр теңге бөлінеді. Бұл қаржыға базалық жылу желілерінің он жетісі жаңғыртылмақ. Жергілікті бюджеттерден республикалық қазынадан бөлінетін сомманың 10% беріледі. Алайда бұл ақшаны премьер-министр аз деп сынады. Сөйтіп, аймақтар коммуналдық құбырлардың жаңартылуына көбірек қаржы бөлсін, деп тапсырды Серік Ахметов. Ал агенттік басшылығы, құбырлардың тозуын 2020 жылға қарай 55%-ға төмендетеміз деп отыр.

Марат Оспанов
, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы:

Бұл жоспар тариф пен ЖКХ жаңғырту бағдарламасы арқылы 2020 жылға дейін жүзеге асады. Жалпы республика бойынша 1 мыңға жуық км желілер жөнделеді. Нәтижесінде шығ
ындар 22%-дан 18%-ға дейін төмендейді.

Айта кетерлігі, Қазақстанда жылу желілері 70-80%-ға тозған. Сондықтан, сол қырық жамау құбырлардан жылуды ең көп жоғалтып отырған ел - біздің ел.

Айгүл ӘДЕПБАЙ