Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 5-ші кен өнеркәсібі форумы өтті

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1122

Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарына кететін шығындарды жеңілдетпек. Бұл туралы Астанада өткен бесінші кен өнеркәсібі форумында белгілі болды.

Отандық индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, кен өндірушілер үшін еліміздің қазба байлықтарын барлау тым қымбатқа түседі және шығынды. Осы ретте салаға қатысты заң жобасына және Тау-кен кодексіне өзгерістер енгізіп, кеншілерге жеңілдіктер қарастырылмақ.

Нұрлан
Сауранбаев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі:

Кен өндірушілердің барлау жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру мақсатында заңға өзгерістер енгізілмек. Онда кеншілердің жұмысын барынша жеңілдету көзделген. Сондай-ақ, кен өндірушілерді ынталандыру мақсатында Тау-кен кодексінде бірнеше қаржы экономикалық құралдар қарастырылған.

Сондай-ақ, форум барысында биыл Астанада геологиялық орталық салынатындығы айтылды. Назарбаев университеті аясында бой көтеретін орталықта геолог кадрлар оқытылмақ. Тау-кен лабораториялық паркі ұйымдастырылып, жаңа орталық барлық геологиялық компанияларды бір шаңырақ астында жинамақ. Бұндай арнайыландырылған орталықтар Корея, АҚШ және Түркия елдерінде бар.

Жұрағат БАМАН