Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс қазақстандықтардың жарақаттайтын қару пайдалануына тыйым салатын заңды қабылдады

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1185

Мәжіліс Қазақстан азаматтарының жарақаттайтын қаруды пайдалануына тыйым салатын заңды қабылдады. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» заңға өзгерту енгізуді қаралған. Ол бойынша адам жарақаттайтын қаруды айналымнан алып, қызметтік қарудың қатарына ауыстыру көзделеді.

Мұнан бөлек, заң жобасы ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне қарсы, терроризм және экстремизммен байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА