Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазатомөнеркәсіп» қызметкерлері қамалғанына қатысты компания өкілі пікірі

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1422

«Қазатомөнеркәсіп ұлттық компаниясы» қызметкерлері - Валерий Шевелев пен Серік Әбдіразақовтың қамауға алынуына қатысты компания өкілі пікір білдірді. 


Айтуынша, 2006 жылдан бері салынып жатқан нысан құрылысы 2009 жылы «ҚазАтом» серіктестігіне тапсырылған. Ал құрылыс жүргізуші мердігер ретінде «Сырдария Құрылыс» компаниясы таңдалады. Алайда нысан дер кезінде салынып бітпеді. «Қазатомөнеркәсіп» басшылығы келісімді бұзу фактілері бойынша құжаттарды 2010 жылы құқық қорғау органдарына жіберген.

Жарқынбек Оспанов
, «Қазатомөнеркәсіп Ұлттық Компаниясы» АҚ басқарушы директоры:

Жобаға жауапты болып басқарушы директор Шевелев тағайындалған болатын, алайда ол кісі өткен жылдан бері жұмыстан босатылды
және «Қазатомөнеркәсіп» Демеу өнеркәсібінің бас директорының орынбасары Әбдіразақов та өткен жылдың қазан айынан бастап бізде жұмыс жасамайды. Біз өз тарапымыздан тергеуге жан-жақты көмек беруге әзірміз.

Еске салайық, Қаржы полициясы қаржы жымқырған қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен компанияның басқарушы директоры - Шевелев пен «Қазатомөнеркәсіп» Демеу серіктестігі директорының орынбасары - Әбдіразақов қамауға алынғаны жайлы мәлімдеме жасаған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА