Оңтүстік Қазақстанда 2011-2013 жылдар
аралығында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын орындауда құйтырқылықтарға жол
берілген. Салдарынан мемлекеттің 30 млн
теңгеге жуық қаржысы жеке адамдардың қалтасына кетті.
Жас мамандар білім, денсаулық сақтау,
мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында ауылдарға жұмысқа тартылған.
Олар бір реттік жәрдемақы мен жеңілдетілген
несиеге баспана алады. Келісім-шартқа сай мамандар бес жыл барған жерінде еңбек
етуі тиіс. Алайда ауылдарға аттанған 48 жас, тиесілі қаражатты қалтаға
басқасын, бір-екі жыл ғана жұмыс істеп жөніне кеткен.
Бұдан бөлек, бағдарламаның шарапатын
жас мамандардан бұрын жергілікті тұрғындар көріп келгені де белгілі болып отыр.
Құжат жүзінде 1782 жас, жұмыспен қамтылды деп
көрсетілді. Бірақ тексеру олардың 32%-ның ғана жаңадан диплом алғанын
көрсетті.
Батыр Ергешов, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға
көмекшісі:
Мысал айтатын болсақ, Мақтарал аудандық жергілікті комиссиясы осы жобаға
2006 жылдан бері Мақтарал ауданындағы мәдениет үйінде жұмыс істеп келе жатқан
азаматты жобаға қатыстырып, оған аталған жеңілдіктерді берген. Осы
заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерін қатаң тәртіптік жауапкершіліктері
қарастырылады.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ