Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда ұрланған жылқыларды иелері таныды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 976

Тобыл өңірінде туындаған жылқы дауын, аудандық сот қарай бастады.

Өткен жылы көктемде Заречный кентінің тұрғындары тәжірибелік-шаруашылық өкіліне арғымақтарын сеніп тапсырып, күзге қарай алмақ болған. Бірақ жылқышы Николай Зевакин өзіне қол салып, ажал құшады. Мұнан соң тұрғындар қорадағы жылқыларын әкете алмай әлекке түскен.

Ал серіктестік өкілдері тұрғындармен ешқандай келісім-шарт жасалған жоқ, сондықтан, малды қайтармаймыз деп отыр. Қос тараптың талап-арызы сотта қарала бастады. Судья қораның басына барып, мал дәрігерлерін алдыртты. Қамаулы тұрған тұлпарлардың кімге тиесілі екендігін анықтауға тырысқан. Алайда жылқылардың нақты кімдікі екені жұмбақ болып шықты. Өйткені көбісіне арнайы таңба салынбаған.

Бақыт Досжанов, мал дәрігері:

Жекенің жылқысы болсын, ТОО-ның жылқысы болсын, бәрінің таңбасы болуы керек. Қазіргі таңда таңбаны біз "жидкиий" азот дейді, сонымен жасаймыз. Ал бұл жылқылардың көбісінде таңба жоқ. Құжаттары да жоқ. Сондықтан, осылай екі жақ соттасып жатыр.

Заңғар САНАЙ