Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен кездесті

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1044

Бүгін Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен кездесті. Елдегі криминалдық жағдайдың жай- күйі, қылмысқа қарсы күресті күшейту және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Мемлекет басшысы аса ауыр қылмыс саны мен ұрлық-қарақшылықтың азайғанын оң үрдіс деп атап өтті. «Астана мен Алматыда ірі халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің» маңызын талқылады. Қалмұханбет Қасымов биыл тіркелген 313 мыңнан астам шағымның 95 пайызы үш күн ішінде қаралғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 21-сессиясын өткізу барысы талқыланды. Ералы Тоғжанов сессия жұмысына елдің бүкіл аумақтарынан 406 делегат қатысатынын хабарлады. Айта кетсек, Ассамблеяның 21-сессиясы Астанада 18 сәуір күні өтпек.

Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

21-сессияға дайындық аясындағы нақты іс-шаралар айтылды. Сонымен қатар алдымыздағы Ассамблеяның 20 жылдығына байланысты атқарылатын іс-шаралар да ортаға салып талқыланды. 


Сымбат МОЛДАТАЙ