Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгіннен бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий күшіне енді

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1348

Бүгіннен бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий күшіне енді. Ал кәсіпкерлікті негізсіз тексерген және заңсыз тексеріске жол берген қызметкерлер енді жазаға тартылады. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі осындай ұйғарымға келіп отыр.

Жаңа тәртіп талабы кәсіпкерлерді көлденең тексеруді қатаңдатпақ. Кез-келген тексеріс енді қаржы полициясы төрағасының тікелей мақұлдауымен, Бас прокуратураның келісімімен жасалады. Мораторий режимін орындау жөнінде өткен бүгінгі кеңесте агенттік төрағасы Рашид Түсүпбеков "тексеріс тағайындау тәртібі түбегейлі өзгеретінін" мәлімдеді деп, Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық Президенттің үстіміздегі жылдың 27 ақпанында қабылдаған Жарлығы негізінде мүмкін болып отыр. Мораторий 2015 жылдың қаңтарына дейін жалғасады. 

Еркін ҚАРИН