Русский Сайттың толық нұсқасы

Чилидегі Цунами салдарынан әзірге 5 адамның қазасы жайында белгілі болып отыр

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1708

Чилидегі жер сілкінісінен кейін болған Цунами салдарынан әзірге 5 адамның қазасы жайында белгілі болып отыр. Олардың барлығы зілзала эпицентрі - елдің солтүстік бөлігінің тұрғындары. Чили президенті Мишель Бачелет бұл өңірді апат аймағы деп жариялады.

Қаза болғандар саны аталған көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді мамандар. Іздестіру жұмыстарын тас қараңғылық қиындатып отыр. Чилиде қазір түн ортасы. Апат мұхит түбінен 10 шақырым тереңдікте болған 8,2 баллдық дүмпудің салдарынан болды. Куәгерлердің айтуынша, су толқындарының биіктігі 2 метрден асқан.

Сонымен қатар Чили өкіметі зілзала кезінде қираған түрмеден қашқан 300 тұтқын жайлы ақпарат таратты. Олардың тек он алтысы қолға түсті. Еске салайық, 2010 жылы болған 8.8 балдық жер сілкінісінен кейін соққан Цунами Чилиде 500 адамның өмірін жалмады. 

Еркін ҚАРИН