Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында су басу қаупі жоғары болғандықтан, елді мекен тұрғындары көшірілді

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2014
  • 1164

Павлодар облысындағы бірқатар ауылдарға су алу қаупі төнді. Ең қауіпті елді мекен - Шолақсор ауылының тұрғындары эвакуацияланды. Әзірге Ақтоғай ауданына қарасты бұл ауылдың 365 тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшірілген. Олар мектептер мен мәдениет үйін паналауда.

Мамандар мұнда 100 үйді су басуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Өйткені Сілеті су қоймасына жоғары көлемде су тастау басталған. Екі жерде бөгет жоқ болып шыққан. Ол аумақтарды су шайып кетуі мүмкін. Қазір бұл жерлер биіктігі жарты метр топырақ үйіндісімен нығайтылды. Өзен арнасын күзетшілер бақылап тұр.

Еске саламыз, бұған дейін Қарағанды облысы Көкпекті ауылын су басып, халық үй-күйсіз қалған еді.

Илхам ИБРАГИМ