Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жариялады

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2016
  • 1488

Жер кодексінің кейбір нормаларына бір жылға дейін мораторий жарияланды. Мұндай шешімді бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Осылайша қоғамдық резонанс тудырған тақырыпқа мемлекет басшысының өзі нүкте қойды. Ақордада Елбасының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген жиыны өтті. Осы басқосуда Президент Жер реформаларымен айналысатын үкіметтік комиссия құруды тапсырды. Оны бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев басқаратын болады.

Комиссия «Нұр Отан» партиясымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, жер мәселесіне қатысты барлық сұрақты егжей-тегжейлі талқылайды. Ел үшін аса маңызды құжатты барынша сараптап, түсіндіріп, нақты ұсыныстарын Парламентке жіберуге міндеттелді.

Мемлекет басшысы жиынға қатысып отырған жоғары шенді азаматтарға қаратып бірқатар сын айтты. Ол әсіресе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің сатылмайтынын халыққа тиісті дәрежеде түсіндірмеген құзырлы ведомство басшыларына қатысты. Сондай-ақ заңның нормалары мен механизмдері қоғам мүшелерімен бірлесе отырып жеткілікті деңгейде тылқыланбағанын да сынға алды. Бұл ретте «жұрттың алаңдаушылығы орынды» деп атап өтті Елбасы. Айта кету керек, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге орай, «жер шетел азаматтарына 25 жылға жалға беріледі» деген норма қарастырылған еді. Алайда аталған құжатта «жер шетелдіктерге сатылады» деген өзгерістер болған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ бізге. Бірақ түсіндіру керек. Оны алып тастағанда, қандай мүшкілдік болатынын. Оны дихандар ғана біледі. Көшеде жүріп айғайлағандар емес. Надо было донести до населения, что ни о какой продаже нашей земли, тем более сельскохозяйственной, речи не идёт. Поэтому здесь была спекуляция полная. То есть до соответствующих адресных групп мы не довели эту суть. Механизмы и нормы принятого закона не были должным образом широко обсуждены с привлечением общественности. И тревоги, и заботы людей во многом оправданы.

Айгүл ӘДЕПБАЙ