Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Украина мен Таяу Шығыстағы ахуалға баға берді

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2014
  • 1133

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина мен Таяу Шығыстағы ахуалға баға берді. Ол аталған елдерге қатысты пайымын Парламент Мәжілісінің отырысында білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

Украинада жаңа билік келіп: «Біз өз халқымыздың бір бөлігін азаматтығынан айырып, ана тілінде сөйлеуіне тыйым саламыз», - дейді. Бұл қалай болмақ? Бізде мұны елестетудің өзі қиын, яғни бізде, Қазақстанда барлығы да жеткілікті. Алла Тағала бізге жер берді, ресурстарымыз да бар және біз барлығымыз бірге болсақ, достық пен бірлікті сақтай алсақ, балаларымыздың болашағына батыл көз тіге аламыз.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ливиядағы жағдайды да мысал ретінде келтірді. «Мұнда кландар қақтығысы қарқын алып, мемлекет мүлдем құрдымға кетті деуге болады. Мысырда діни қақтығыстардың салдарынан күніне 50-60 адам мерт болуда», - деді Елбасы. Мұның бәрі бірлік пен өзара түсіністік жоқтығынан екенін атап айтты.

Жұрағат БАМАН