Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан Қазақстанға электр қуатын беруді тоқтатпақ

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2014
  • 1053

Қырғызстан Қазақстанға электр қуатын экспорттауды тоқтататын болды. Оған «Тоқтоғұл» су қоймасындағы су деңгейінің төмендеп кетуі себеп. Бұл жөнінде Қырғызстанның энергетика және өндіріс министрінің міндетін атқарушы Осмонбек Артықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды REGNUM ақпарат агенттігі.

Өткен жылдары айыр қалпақты ағайын суды сағатына 2,5 млрд киловатт-тап жөнелткен. Осының салдарынан су қоры тез таусылған көрінеді. «Енді Қырғызстан электр қуатын сыртқа сатуды мүлдем тыюға мәжбүр», - деді Артықбаев. «Егер Қазақстанға су қажет болып жатса, жөнелтеміз. Бірақ, ол үшін айырбас талап ететін боламыз. Мәселен, бізге электр қуаты қажет болған кезде Қазақстан оны қайтаруға міндетті» дегенді де қосты.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА