Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық кәсіпкердің көлігінен 81 дана киік мүйізі тәркіленді

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2014
  • 1267

Астаналық кәсіпкердің көлігінен 81 дана киік мүйізі тәркіленді. Шетелдік қымбат көлік Атырау-Астрахань тас жолы бойында қолға түскен. Жол сақшылары көлікті тінту барысында ақбөкеннің ескі мүйіздерін тапты.

Анықталғандай, «Қызыл кітапқа» енген жануардың мүйіздері көлікте отырған жолаушыға тиесілі болып шықты. 1978-жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны бағалы заттарды «жолай кездескен олжа» деп ақталған. Яғни «мүйіздерді жол жиегінен тауып алдым» деп түсіндірді. Енді киіктің мүйіздеріне сараптама жасалмақ.

Гүлназира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Исатай ауданының Аққыстау селосы тұсынан тас жол бойынан тауып алғанын айтып отыр. Қазір бұл мүйіздерге сараптама тағайындалды. Сонымен қатар
, ҚР ҚК 183 «Көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу және сату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау қарастырылуда.

Базаргүл ІЗІМОВА