Сондай-ақ бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасы сенатының төрағасы Станислав
Карчевскийді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Польшаның экономика
және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығы, парламентаралық өзара іс-қимылдың
перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы былтыр қыркүйекте БҰҰ Бас
ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында поляк көшбасшысы А.Дудамен кездескенін
еске алды. Сол кезде Польша Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сапармен
келуге шақырған. Бұл біздің достық қарым-қатынастымызды одан әрі тереңдете
түсудің жаңа мүмкіндігіне айналады деп үміттенемін, - деді Президент. Өз
кезегінде екіжақты ынтымақтастықты
дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Польша басшылығы
Қазақстан Президентінің Варшаваға сапарын күтіп отырғанын айтты.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мы
относимся с большим уважением к тому, что делается в Польше. Развитие Вашей страны в Европе особо выделяется, и мы хотим иметь близкие экономические и политические отношения с Варшавой.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ