Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда банк ипотекалық несие төлемеген азаматты сотқа берді

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 946

Петропавлда алаяқтардың кесірінен пәтерінен айырылған Станислав Губарьковтан банк ипотекалық несиені өтеуді талап етіп отыр. Ол осыдан 3 жыл бұрын қаладағы 3 бөлмелі пәтердің жарты ақшасын төлеп, қалғанын банк арқылы несиеге рәсімдеген.

Алайда, біршама уақыт өткен соң пәтердің басқа иесі табылады. 2009-жылы баспананың заңды иелері бір топ алаяққа алданып, үйлерін беріп қойған. Артынша сот басталып, ол бастапқы иелерінің пайдасына шешілді.

Енді Станислав Губарьков сот шешімі бойынша сәуірдің он тоғызына дейін үйді босатуы тиіс. Ал екінші деңгейлі банк өкілдері жапа шеккен азаматтан ипотекалық несиені жабуды талап етуде. Сақтандыру компаниясы бұл тұста ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр. Алғашқы сот отырысында құжаттар толық зерттелмегендіктен, процесс кейінге шегерілді.

Светлана
Краснекова, Станислав Губарьковтың қызы:

Сақтандыру компаниясының өкілдері
«сот процесі келісім-шарт жасасқанға дейін басталды, ақша төлемейміз», - дейді. Бірақ әкем мен әлгі компанияның арасында келісім-шарт пәтер мәселесі басталмай тұрып құрылды. Яғни, ипотеканы біз емес, ортақ шартқа сай сақтандыру компаниясы өтеуі тиіс.

Абзал ҚҰРМАНКИН