Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда тасқын салдарынан 21 адам опат болды

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2014
  • 992

Қытай халқы да тасқын судан зардап шегуде. Елде 5 күн бойына жаңбыр тоқтаған жоқ. Салдарынан Қытайдың оңтүстігі және оңтүстік-батысындағы провинциялар зардап шекті, мұнда өзендер арнасынан тасып, сел жүрген. 21 адам суға тұншығып қаза тапты. Тағы бірнешесі із-түзсіз кеткен. Билік бір жарым млн-ға жуық адам тасқыннан зардап шекті, деп мәлімдеуде. 17 мың адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге кеткен. Шығын көлемі 100 млн доллардан асады.

Ал бүгін Чилиде тағы да жойқын жер сілкінісі болды. Бұл жолы оның магнитудасы 7,4 баллды құрайды. Әзірге цунами қаупі жоқ. Дегенмен, 5 адам ажал құшты. 900 мың адам эвакуацияланған.

Илхам ИБРАГИМ