Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Швейцарияда теннистен «Дэвис» Кубогы ширек финалының алғашқы ойындары өтеді

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2014
  • 1125

Бүгін Швейцарияда теннистен «Дэвис» Кубогы ширек финалының алғашқы ойындары өтеді. Кездесудің фавориті - алаң иелері. Әлемдік рейтингте көш бастап тұрғандар сапында Роджер Федерер және Станислас Вавринка сынды спортшылар өнер көрсетеді. «Palexpo» көрме кешенінде анықталатын сайыста Қазақстан құрамасын қолдау үшін Женеваға 150 жанкүйер аттанғанын хабарлаған болатынбыз.

«Дэвис» Кубогының ширек финалында Швейцария және Қазақстан командалары өзара мықтыны анықтайды. Жуырда жеребе тастау рәсімі өтті. Жекелей сында алдымен кортқа Станислас Вавринка мен Андрей Голубев шығады. Артынан көпшілікке танымал Роджер Федерер Михайл Кукушкинді сынақтан өткізеді.

Швейцария командасының бетке ұстар спортшылары жұптық жарысқа да шығады. Оларға қарсы Қазақстанның атынан Евгений Королев пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Роджер Федерер
, теннистен Швейцария құрамасының мүшесі:

Қазақстан үлкен мемлекет екенін білемін. Бірақ, басқа ақпаратым жоқ. Дегенмен, Андрей Голубевті жақсы танимын. Бұған дейін екеуміз корт
та жолыққанбыз. Кездесу өз алаңымызда өтетіндіктен, бізге тек жеңіс қажет.

Екі команда арасындағы жекелей жарыстар бүгін басталады.

Самат ҚАНАҒАТОВ