«Нұр отан» партиясы Жамбыл облыстық
филиалының төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қоғамдық қабылдау өткізді. Оған партияның көмегіне мұқтаж өңір тұрғындары қатысты.
Мүмкіндігі шектеулі жандар да партия төрағасының қабылдауынан қалмауға тырысты.
Алғашқы болып, әкім алдына өнер және
мәдениет қайраткері, «Батыр Баян» фильмінде басты рөлді сомдаған Жұмахан
Абдықадыров кірді. Денсаулығына байланысты
көркем кинодан қол үзіп қалған актер бұл күнде І-ші топтағы мүгедек. Ол өзінің
60 жылдығына орай шығармашылық кешін өткізу жайын көтерді. Облыс басшысы
мерейтойлық кешін өз уақытында өткізіп беретінін айтып, сендірді.
Біз жақтан да демеу болады. Көмектесеміз. Өзіңіз емделіп
жүр екенсіз, еміңізге көмектесейік, бәрін білеміз. Сіздей азаматтар әлі де
болса, шапқылап кетесіз. Жүріп кетесіз, Құдай қаласа.
Әкім қабылдауына келесі болып кірген
ғалым-зерттеуші Мекемтас Мырзахметұлы Бауыржан Момышұлы мұраларын насихаттау
мәселесін айтып, 30 томдығын шығаруына көмек көрсетуін сұрады.
Сондай-ақ, кәсіп көзін табамын деген
мүмкіндігі шектеулі жандар да әкім алдында болды. Мәселен, ІІ топтағы мүгедек
Саят Бәтей жеке жер телімінде ешкі өсіріп, еті мен сүтін қолға алудың
қаншалықты маңызды екенін талқылады. Бұл ұсынысы қанағаттандырылып, қолдау көретіне
көзі жетті. Партия филиалының басшысы:
«Қоғамдық қабылдауға келген өзге де азаматтардың өтініші өз шешімін табатынын
болады», деп сендірді.