Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстандық түрмеден қашқан экстремистердің бірі - Азамат Мүсірәлиев бүгін құрықтау операциясы кезінде қаза тапты

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2015
  • 1284

Қырғызстан түрмесінен қашқан аса қауіпті экстремистердің бірі ұсталды. Құрықтау операциясы кезінде қарсылық танытқан ол оққа ұшқан. Қырғыз Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер Совулук ауданы ауылдарының біріндегі қой қорада жасырынған. Көзі жойылған қылмыскердің аты-жөні Азамат Мүсірәлиев. Ол дәстүрлі емес исламды жақтаушы және Қырғызстанда тыйым салынған «Жайшуль Махди» ұйымының белсенді мүшесі болған. Еске салсақ, 12-ші қазан күні 9 сотталушы колонияның 3 қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашқан болатын. Бесеуі дереу қолға түсіріліп, тағы біреуінің көзі жойылған. Қазір сақшылар бостандықта жүрген тағы екі экстремисті іздеп жатыр. Олар туралы қандай да бір ақпарат берген адамға ел билігі сыйақы берілетінін хабарлаған болатын. Бүгін оның көлемі 1 миллион сом яғни, 15 мың долларды құрайтынын мәлімдеді.