Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстанда тасқын қаупі күшейді

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2014
  • 1049

Солтүстік Қазақстан облысы Құлыкөл ауданында тасқын қаупі күшейді. Төтенше жағдайлар қызметі шұғыл түрде тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіріп жатыр. Бүгінге дейін Қаратал ауылынан 176 адам эвакуацияланған. Ауыл шетінен тағы 166 адам көшірілді. Олар туыстарының үйлеріне және Құлыкөл мектебіне орналастырылды.

Бұған дейін Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан 79 млн текше метр су жіберіліп, Уәлиханов ауданының Қаратал, Құлыкөл және Береке ауылдарына қауіп төнген еді. Аталған елді мекендерді су шайып кетуі мүмкін. Қазір ол жерлерде құтқарушылар жұмыс жасап жатыр.

Илхам ИБРАГИМ