Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жемқорлыққа жол берген ауылшаруашылық саласы шенеунігі ісі прокуратураға жөнелтілді

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2014
  • 774

Ауылшаруашылығы саласындағы тағы бір шенді Нығмет Жақыпбаевтың ісі прокуратураға жөнелтілді. Бұл жөнінде Қаржы полициясы баспасөз қызметі ақпар таратуда.

Шенеунік 2 жыл бұрын Ветеринарлық бақылау комитеті төрағасы болған кезде «қызмет бабын асыра пайдаланды» деп айыпталған еді.

Тергеу материалдарына сай, ол Шығыс Қазақстандағы 3 ауылда «зертханалар құрылысы аяқталды» деп жалған құжаттарға қол қойған. Сөйтіп, «мемлекетке 83 миллион теңге көлемінде шығын келтірді» деген күдікке ілінді.

Саладағы жемқорлық тек бұл ғана емес. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев пен Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаев да жемқорлыққа қатысты айыпталған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА