Русский Сайттың толық нұсқасы

Малайзия «Боингы» «қара жәшігінің» дабылы шыққан жерге ұшақтар жіберілді

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2014
  • 888

Қытайлық кеме жоғалған «Боингкке» тиесілі болуы мүмкін «қара жәшіктердің» сигналы тағы да байқады.

Белгілі болғандай, импульсивті дабыл 37,5 килогерц жиілігінде анықталған. Негізінде «қара жәшіктердің» сигнал беру мерзімі бір айдан аспайды. Алайда кейбір кездері олардың қызмет ету уақыты тағы бірер күнге ұзаруы ықтимал.

Қазіргі таңда апат болуы мүмкін деген жерге 7 мемлекеттің арнайыландырылған ұшақтары мен кемелері жөнелтілді. Осы орайда Австралия премьер-министрі Тони Эббот сигналдарға қатысты алдын ала жорамал жасамау керектігін айтты.

Айта кетейік, бұдан бұрын дәл осындай сигнал тіркеліп, қытайлық теңіз іздеу-құтқару орталықтарының баспасөз қызметі дабылдың қайдан шығып тұрғанын анықтау мүмкін болмағандығын жариялаған болатын.

Еске салайық, «Малэйжн эйрлайнс» ұшағы 8 наурызда ғайып болған. Оның бортындағы 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі із-түссіз кеткендер санатында.

Жұрағат БАМАН