Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғаныстанда сайлау науқаны айналасында дау туды

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2014
  • 1200

Ауған президенті Хамид Карзай сайлау науқаны сәтті өткендігін айтты.

Алайда елде жағымсыз жайттар да орын алды. Сайлау учаскелеріндегі жәшіктерді алып бара жатқан жүк көлігі жарылып, нәтижесінде 3 адам мерт болды. Жарылыс салдарынан сайлау бюллетеньдері салынған тағы 8 жәшік өртеніп кетті.

Жалпы, ақпар бойынша сайлауға 7 миллионға жуық ауғандық азамат қатысқан. Тәлібтердің бопсалауына қарамастан, жұртшылықтың 50% сайлау учаскелеріне келген. Кейбір ақпар көздеріне сенсек, сайлау учаскелерінде болған жарылыстардан 30-дан астам адам жараланған.

Айта кетейік, ел билігіне таласушылар қатарында үш кандидат бар. Олар: Расул Залмай, Абдулла Абдулла және Ашраф Гани Ахмадзай. Әзірге, сайлау нәтижелері белгілі емес. Осы ретте екінші тур өтеді деген болжам бар. Ол 28 мамырда өтеді деп жоспарланған.

Абдул Латиф
, Кабул тұрғыны:

Біз сайлау науқанының өткеніне өте қуаныштымыз. Барлығы бірінші айналымда аяқталады деген үміттеміз. Біздің үкімет пен экономикамыз қазір өте әлсіз. Егерде екінші айналым болған жағдайда, ішкі қауіпсіздігіміз қауіп төнбек.

Жұрағат БАМАН