Русский Сайттың толық нұсқасы

50 жасар азамат Сена өзенін арқан бойымен жүріп өтті

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2014
  • 1101

Парижде жасы елуден асқан Дени Жосслен есімді азамат Сена өзенін 25 метрлік биіктікте тартылған қанат арқылы жүріп өтті.

Ұзындығы 150 метр қанат жіп екі жақтан құрылыс крандарының көмегімен керілген. Бұл Жоссленнің Францияның басты өзенін екінші мәрте өтуі. Қызықты көріністі тамашалауға келгендердің қарасы көп болды. Олардың ішінде көптеген туристтер де бар. Бір жағадан екінші жағаға өтуге оған 30 минут қажет болды.

Айта кетейік, Жосслен трюкті байланған көзбен жасаған болатын. Тағы бір ерекшелігі - ол ешқандай қауіпсіздік белдіктерін кимеген. Қазіргі таңда танымал әртіс Еуроодақтағы жалғыз даршылар мектебінде дәріс береді.

Жұрағат БАМАН