Русский Сайттың толық нұсқасы

Италия Қазақстан мұнайының импорты бойынша 1-ші орында

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2014
  • 1356

Қазақстан мұнайын ең көп тұтынатын елдер тізімін Италия бастап тұр. Екінші орында Қытай. Бүгін Мұнай және газ министрі өткен жыл қортыныдысы бойынша ең ірі импортерлер тізімін жариялады.

Қазақстан қара алтынды 30 елге экспорттайды. Соның ішінде Италия 27%-бен бірінші орында. 17%-бен Қытай екінші орында, Нидерланд үлесі - 13%, төртінші Франция - 9%, Австрия - 7%. Былтыр еліміз сыртқа тұтастай алғанда 68 миллион 158 мың тонна мұнай сатқан.

Сондай-ақ, Ұзақбай Қарабалин сәуір айында Қашаған құбырының теңіз бөлігіндегі 25 нүктесінде зерттеу жүргізілетінін хабарлады. «Бұл іс мұз ерігеннен кейін қолға алынған. Өндіріс орнында ақау шыққалы, яғни былтыр күзден бері екі мыңнан астам дәнекерленген бөліктер тексерілген. Алты мың метрден астам құбырға ультрадыбыстық диагностика жүргізілген. Мәліметтер нәтижесі шетелдік зертханаларда анықталатын болады».

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ