Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаулықтар газдалған сусындарын айранға айырбастауға мүмкіндік алды

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2014
  • 997

Пайдалы айырбас. Ақтаудағы дүкендердің бірі игі бастама көтеріп, айрықша акция өткізді. Газдалған сусын сатып алған шаһар тұрғындарына «Тенгри» жастар қоғамдық қорының өкілдері айран ұсынды.

Денсаулыққа аса пайдалы мұндай айырбасты әркім әрқалай қабылдады. Кейбір тұрғындар дәмді түскі астың артынан қалайша газды сусын ішпейміз деп, таңқалды. Есесіне, жергілікті өндірушілер ұсынған айранды сүйсіне ішкісі келгендер айырбас үшін газды сусын сатып алып жатты. Бір қызығы, жастар ағарғанды газды сусыннан бас тартқысы келмегендерге де таратты.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мақсат - сүт өнімінің денсаулыққа орасан пайда келтіретінін жұртқа насихаттау болатын. Осы тұрғыда біз діттеген ойымызды жүзеге асырдық, дейді. Екі сағаттың ішінде ақтаулықтарға үш жүз литрдей айран таратылды.

Владислав Мамонтов, Ақтау қаласының тұрғыны:

«Олжа» сауда орнына тренажер сатып алуға келген едім, айырбас жайлы ұсынысты қуана қабылдадым. Бүгіннен бастап салауатты өмір салтын ұстануға бел будым.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА