Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің бірқатар аймақтары қатты соққан желден зардап шекті

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 1439

Қатты дауыл Қазақстанның бірқатар өңірлеріне шығын әкелді. Ғимараттардың шатыры ұшып, ағаш-талдарды түбірімен құлатып жатыр.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік хабарлауынша, екпінді жел кейбір аймақтарда тұрғындарды жарықсыз қалдырды. Алматы облысы Заречный ауылында орналасқан Ішкі істер министрлігінің бөлімі жүйткіген желге байланысты қиын жағдайға тап болды - аумағы 409 шаршы метрлік бақылау пункті тұтастай шатырсыз қалды. Тағы екі ағаш құлаған.

Талдықорғанда орналасқан өрт сөндіру бекетінде аумағы 408 шаршы метрлік ғимарат пен 5 қабатты үй зардап шекті. Еңбекшіқазақ ауылында орналасқан орта мектептің де жел салдарынан талқаны шыққан.

Дауылдан Шығыс Қазақстан облысы да зардап шегуде. Абай ауданы, Тоқтамыс ауылында орналасқан орта мектеп шатырынан айырылды. Павлодардағы №23-балалар үйі, сондай-ақ, Қарағанды облысы, Осакаров ауданындағы № 29 орта мектеп ғимараты ұйытқыған желден шығынға ұшырады.

Сымбат МОЛДАТАЙ