Русский Сайттың толық нұсқасы

Ішкі нарықты толық қамту үшін "Агробизнес-2020" бағдарламасына үміт артылып отыр

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2014
  • 1112

"Сенатор Светлана Жалмағанбетова Ауыл шаруашылығы министрлігін орынсыз сынады". Кәсіпкерлер ұлттық палатасы Агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы Иван Сауэр осындай пікірде. Оның ойынша, "біліксіз басшылық ауыстырылсын" деген сенатор талабы тым асығыс айтылған. "Бәрінің көңілін бірдей табу мүмкін емес. Онда мекеме "жындыханаға" айналып кетеді", - дейді бизнесмен.

Сауэр мұндай пікірін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Ал министрліктің жауапты хатшысы Арман Евниев Қазақстан азық-түліктің алты түрі бойынша ғана импортқа тәуелді екенін айтты. Ішкі нарықты толық қамту үшін "Агробизнес-2020" бағдарламасына үміт артылып отыр. Алдағы алты жылда бағдарлама аясында бес ет комбинаты салынбақ. 135 шағын кәсіпорын, жеті қант зауыты мен жарма шығаратын 35 кәсіпорын жаңғыртылады деген жоспар бар.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы:

Ет, сүт, нан, жарма, көкөніс  - осы секілді 29 негізгі азықтың 6 түрін импорттаймыз. Отандық өнім үлесі 80 пайыз. Шет елден қант, құс еті, май ғана жеткізіледі. "Агробизнес-2020"-да осыларды дамытуға басымдық берілген. Жоспарлар бөлініп, ақша әзірленіп жатыр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ