Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСКЛЮЗИВ: "Сбербанктің" Қазақстандағы бөлімшелері үшін АҚШ валютасына шектеу жоқ

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2014
  • 1224

«Сбербанк» доллардан бас тартты. Ресей банкі 1сәуірден бастап жеке тұлғаларға АҚШ валютасында несие беруін тоқтатқан. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі хабарлады. Банк тарапынан мұндай шектеу соңғы рет 2008 жылы қаржылық дағдарыс кезінде болған. Ресейлік сарапшылар мұндай үрдістің екінші рет қайталануын АҚШ-тың Қырымға қатысты санкцияларымен байланыстырып отыр.

Ресейлік банк жүйесінде доллармен жүргізілетін операциялардың азаюуы қашанға дейін жалғасатындығы белгісіз. Осыған орай банк басшылығы салымшылар мен АҚШ валютасында несие алғандарға зиян келмейтінін айтуда. Ал «Сбербанктің» Қазақстандағы бөлімшелері үшін АҚШ валютасына мұндай шектеу жоқ. Ел аумағындағы аталмыш банктің бөлімшелері кез келген валютада банк операцияларын жүргізіп, несие бере алады.

Сәуле Елеуова, банк қызметкері:

Кез келген адам несие аларда өзіне пайдалы валютада алады. Негізінен бұл - теңге. Қазіргі уақытта бізде доллармен, рубльмен немесе басқа валютамен де несие беріледі. Бірақ адамдар өзіне тиімді валютада алатыны анық.

Досжан МАРАТҰЛЫ