Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел аумағынан кезекті солтүстік корейлік тыңшылық техника табылды

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 826

Оңтүстік Корея мемлекетінің жауынгерлері ұшқышсыз аппарат тауып алды. Болжам бойынша, ол Солтүстік Кореяға тиесілі. Елді есеңгіреткен жаңалық туралы Оңтүстік Кореяның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Бұзылып қалған ұшқышсыз көкке ұша алатын аппарат барлау қызметін атқарған. Оңтүстік Корея территориясын бақылауға алып, Корей халықтық демократиялық республикасына әскери және экономикалық нысандар туралы видео, фотоақпарат жөнелтіп отырған.

Естеріңізге салайық, Солтүстік Кореяға тиесілі ұшқышсыз аппарат осымен үшінші рет Оңтүстік Корея жерінен табылып отыр. Ең алғашқысы 24-наурыз күні екі кореялық мемлекеттің шекарасын бөліп тұрған аймақтан анықталды. Екіншісін тұрғындар Сары теңізде орналасқан аралдардың бірінен тапты. Ұшқышсыз аппараттың техникалық мүмкіндіктері өте жоғары болғандықтан, Солтүстік Кореяға жоғары сапалы суреттерді жіберіп отырған.

«Жауапсыз қалдырмайтын Сеул көп ұзамай алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыранды сәтті сынақтан өткізді. Бұл Солтүстік Кореяның кез келген жеріне ұшып жете алады», - дейді Оңтүстік Корея республикасының әскерилері.

Сымбат МОЛДАТАЙ