Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапония мен Қытай Сенкаку аралдарына таласып жатыр

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 1309

Чак Хейгел Азиядағы сапарын Жапониядан кейін Қытайда жалғастырды. Құрама штаттардың қорғаныс министрі Жапониядағы сапары кезінде Бейжіңге қатысты «өз ескертуін» айтқан-ды.

Министрдің ойынша, Қытай шекара мәселесіне келгенде өз көршілерінің құқығын аяққа таптамауы тиіс. «Әлемді жалпағынан басып, ойына келген сәтте күш қолданып, шекараны өзгертуге болмайды», - деп мәлімдеген.

Айта кетейік, Жапония-Қытай қарым-қатынастары қазір әлсіреп кетті. Екі мемлекеттің елшіліктері бірнеше рет қарсылық акцияларын ұйымдастырды. Даудың басы - Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Сенкаку аралына байланысты шыққан. Екі мемлекет бір-біріне қарсылық ретінде «сауда соғысын» да ұйымдастыруға көшкен. Вашингтон ашық түрде бұл қақтығыста екі тарапты да қолдамайтынын айтты.

Дегенмен, АҚШ пен Жапония арасындағы келісімге сәйкес, басқыншылық жағдайында Вашингтон Токионы қорғауы тиіс. Іссапар барысында АҚШ-тың бұл келісімнен бас тартпайтыны мәлім болды.

Чак Хейгел, АҚШ қорғаныс министрі:

Зорлық пен қорқыту соңы тек қақтығыспен аяқталады. Барлық ұлт өкілдері сый-құрметке лайықты. Сондықтан
, ешкім де шекараны бұзып, күшпен біртұтастықты бұза алмайды. Себебі, бұл сол елдің егемендігіне қол сұғу. Мәселе, Тынық мұхитындағы шағын аралдардан бастап, ең ірі Еуропа елдеріне де ортақ.

Сымбат МОЛДАТАЙ