Русский Сайттың толық нұсқасы

Тасыған судың астында қалған Астананың саяжай аудандары қалпына келтірілуде

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 1440

Тасыған судың астында қалған Астананың саяжай аудандары қалпына келтірілуде. Арнасынан шыққан Есіл өзеніндегі су басылып, 45 сантиметрге төмендеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

Саяжайларды жаппай шайып кеткен су да біршама толастады. Құтқару қызметінің күшімен су айдыны күзет бақылауына алынды. «Юбилейный» және «Газовая аппаратура» ауданындағы су мөлшері азайтылды. Шығыс Ильинка аймағы да назардан тыс қалмады - Доспамбет жырау көшесіне үй-жайларды судан қорғау мақсатында бөгеттер орнатылды. Бекет-ата көшесін қалқалап тұратын қорғаныс бөгетінің жалпы ұзындығы 50 метрге тең, құм салынған 1500 қап орнатылды.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Астана қаласының құтқарушылары «Юбилейный» және «Газовая аппаратура» аймағынан 20-ға жуық тұрғынды құтқарған. Өйткені, олар тұрып жатқан саяжайларды әр жерден су басып қалған.

Сымбат МОЛДАТАЙ